Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа зерттеуді таңертең ашқарынға жүргізілетіні жөнінде айтыңыз.
2. Науқасқа жүргізілетін іс-шара жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3.Науқасқа кешкі 18-ге дейін жеңіл тамақ беріңіз.
4.Науқасқа ұйықтар алдында спазмолитик дәрілерді (2 таблетка) немесе бал қосылған шәй, оң жақ қабырға асты аймағына жылытқыш беріңіз.
5. Процедура алдында бар болса алмалы-салмалы протез тістерін алуын сұраңыз.
6. Науқасты орындыққа дұрыс және ыңғайлы етіп отырғызыңыз және орындықтың арқасына сүйендіріп, басын сәл алға қарай еңкейтіңіз.
7. Науқастың кеудесіне сүлгі қойыңыз.
8. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
9.Пинцеттің көмегімен стерильденген зондтың басындағы металл оливасының дұрыс бекітілгендігін қадағалаңыз.
10.Пациенттің зондты жұту өлшемін белгілеп ал(күрек тіс пен кіндік аралығы ұзындығын 1ші белгі деп белгілеп, күрек тіс пен науқастың ашық алақанын қосып 2ші белгі деп белгілеңіз).
11. Стерильденген зондты металл оливасынан 10-15см оң қолға ұстап, ал сол қолмен бос ұшын ұстаңыз.
12. Сырқаттың аузын ашуын сұраймыз. Ылғалды зондты алып, тіл түбіне зондтың тұйық металл оливасы бар жағын жұтқызамыз.Терең дем алуын және жайлап зондты жұтуын өтініңіз(егер науқас көгеріп тұншықса, зондты алып тастаңыз). Зондтың бос ұшын қысқышпен қысыңыз.
13.Зондтың асқазанда тұрғанын тексеріңіз, асқазан сөлін шприцпен сорыңыз.
14. 15-20 минут ішінде пациентті бөлме ішінде жүргізіп, II-ші белгіге келгенше зондты жұтуын сұраңыз.
15.Пациентті кушеткаға оң жақ қырымен жатқызып, жамбас астына жастықша, бауыр тұсына жылытқыш қойыңыз.
16. Штативке салынған пробиркаларды кушетка деңгейінде қойыңыз.
17. Қысқышты ашып, зондтың бос жағын пробиркаға салыңыз.
18. 1-ші фаза. Зонд ұлтабарға түсіп одан алтын сары түсті өт бөлінеді. 10-20мин ішінді 10-20мл.
19. 2-ші фаза . Одди сфинктерінің жабық кезі бұл уақытта холиноген жібереміз. Сырқатты шалқасынан жатқызып 7мин арасында 33%-50мл t0-сы 37-380магний сульфатын жіберу. 2-5мин өт бөлінбейді.
20. 3-ші фаза. Одди сфинктерінің ашылуы өт жолынан 3-5 мин аралығында 3,0-5,0 жасыл көпіршік өт бөлінеді.
21. 4-ші фаза. Өт қалтасынан 20-30мин ішінде 50мл өт бөлінеді. Түсті- қара қошқыл.
22. 5-ші фаза. Бауырдан түсі ашық мөлдір түсті өт үздіксіз бірқалыпты бөлінеді- 30мин аралығында 30,0 мл.
23. Салфеткамен зондты алып, дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
24. Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғатыңыз.
25. Пайдаланылған қолғапты салфетканы КҚЖҚ-ға салыңыз.
26. Әр порциядан таңбаланған бір пробирка алып, жолдама жазып, зертханаға жіберіңіз.
30. Пациентті палатаға апарып, тамақтандырыңыз.
Ескерту!
Пациенттің тамақтану тәртібінен 2-3күн бұрын майлы тағамдарға шектеу қою керек(қырыққабат, майлы тағам, шикі сүт).