СТАНДАРТ
Ұлтабарды зондтау және науқасты дайындау
Мақсаты: диагностикалық – 12 елі ішектен және өт қалтасынан алынған бөліндіні зертханалық зерттеу, өт қалтасының жиырылу және концентрациялық сақтау функцияларын зерттеу және Одди сфинктерінің қалпын бағалау; емдік – өт қалтасының төменгі моторлы функциясы кезінде өтті айдау (өт қалтасының қабынуы, холестатикалық гепатит), дәрілік препараттарды енгізу.
Қолдануы: өт қалтасының, бауырдың өт жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімі: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің аурулары және күйіктері, портальды гипертензия, ісіктер, асқазаннан және 12 елі ішектің жаралары, өкпе-жүрек жетіспеушілігі, жедел холецистит және панкреатит, бронх демікпесі.
Әзірле:стерильденген дуоденальды зонд; Жанэ шприці, 20 мл шприц, лоток; стерильді белгіленген пробиркалары бар штатив, қысқыш, сүлгі, қолғап, жылытқыш, жұмсақ валик, төмен орындық, салфеткалар, өт қалтасының стимуляторы – 33 магния сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10 натрия хлорид ерітіндісі немесе 40 глюкоза ерітіндісі (40-50 мл) немесе 40-600 дейін қыздырылған 20-25 мл өсімдік майы, 0,1 атропин ерітіндісі 8-10 тамшы, КҚЖҚ.
Достарыңызбен бөлісу: |