Қанның газ құрамының бұзылуының ( оттегінің азайып, көміртек тотығының көбеюі) немесе қанның газ құрамының қалыпты жағдайда болуы тыныс мүшелері және қан тамыр жүйесі қызметінің артуы арқылы іске асырылатын жағдайды тыныс жеткіліксіздігі деп аталады. Негізгі себептері: тыныс мүшелерінің аурулары. Тыныс алу жеткіліксіздігі өкпе вентиляциясының бұзылуына,альвеола – капиляр блогы өткізгіштігінің нашарлауына ( диффузия жеткіліксіздігі) және өкпедегі қан айланысының бұзылуына (перфузия жеткіліксіздігі) байланысты дамиды.
Себебіне және даму механизміне қарай өкпенің вентиляция функциясының үш бұзылу түрі бар: обструктивті, рестриктивті, аралас.
Вентиляциясының обструктивті бұзылуы ауаның бронх арқылы өтуінің нашарлауына байланысты. Себептері: бронх демікпесі, бронхиттер, трахея не бронхтың бірігіп қалуы немесе қысылып қалуы. Вентиляцияның рестриктивті бұзылуы өкпенің кеңеюі және кішірейуі процессінің жіктелуіне байланысты.
Себептері: пневмоторакс, гидро- пневмоторакс, іш қуысы қысымының өсуі, кифосколиоз қабырға шеміршіктерінің ерте сүйектенуі.
Функционалдық тексеруде негізігінде тіршілік сыйымдылығының азаюы байқалады.
Вентиляцияның аралас бұзылуы өкпенің созылмалы ауруларында кездеседі.
Клиникалық тыныс жеткіліксіздігі кезінде ентігу, цианоз, соңғы сатыларында жүрек жеткіліксіздігі сияқты көріністер болады, сонымен қатар ісінулермен жүреді. Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарда тыныс жеткіліксіздігі кезінде сау адамдардағы ауыр физикалық жұмыстар атқарған кездегі сияқты резервтегі компенсаторлы механизм іске қосылады. Тыныс жеткіліксіздігінің бір көрінісі ретінде вентиляцияның өзгерісі жатады( жиілену, тыныс алудың тереңдеуі жатады). Кейбір жағдайларда (бронхиальді астма, өкпе эмфиземасы және т.б.) тыныс жеткіліксіздігінің компенсациясы тыныс алу бұлшық еттерінің қарқынды жұмыс істеуі нәтижесінде жүзеге асады. Тыныс жеткіліксіздігімен күрес кезінде әртүрлі компенсаторлы механизмдердің қосылу біртіндеп жүреді. Тыныс жеткіліксіздігінің бастапқы сатысында сыртқы тыныс алу аппаратының қызметі қалыпты жағдайдағыдай жүреді. Тек қана физикалық жүктемелер кезінде ғана компенсаторлы механизмдер қатысады. Бұл кезде тек қана сыртқы тыныс алу аппаратының резевтегі мүмкіндігі ғана төмендейді. Әр қарайғы кездерде аздаған физикалық жүктемелер кезінде, кейін тыныштық кезінде тахипноэ, тахикардия, тыныс алу және тыныс шығару кездерінде тыныс алу бұлшық еттерінің қарқынды жұмыс істеуі, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттердің қатысуы анықталады. Тыныс алу жеткіліксіздігінің соңғы сатыларында, яғни барлық компенсаторлы механизмдерді ағза пайдаланып болғанында артериальді гипоксемия, гиперкапния анықталады. Кейін өкпе жеткіліксіздігіне жүрек(оң жақ қарынша) жеткіліксіздігі қосылады. Оның себебі кіші қан айналым шеңберінде гипертензияның дамуы. Осы жағдайдың салдарынан миокардтың үнемі жүктемеде жұмыс істеуінен және жеткіліксіз оттегімен қанықпауынан миокардта дистрофиялық өзгерістер дамиды. Жүрек жеткіліксіздігі дамуынан үлкен қан айналым шеңберінде іркіліс туып, нәтижесінде өкпе текті жүрек дамиды. Тыныс алу жеткіліксіздігінің жедел(мысалы бронхиальді астма кезіндегі, крупозды пневмонияда, спонтанды пневмоторакста) және созылмалы түрлері болады. Сонымен қатар тыныс жеткіліксіздігінің 3 дәрежесі болады. Тыныс жеткіліксіздігінің дәрежесі аурудың осы кездегі ауырлығын көрсетеді. Тыныс жеткіліксіздігінің(ен бірінші кезекте ентігу) I дәрежесі шамадан тыс физикалық жүктеме кезінде болады. Тыныс жеткіліксіздігінің II дәрежесінде ентігу аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Компенсаторлы механизмдер аурудың тыныштық кезінен бастап іске қосыла бастайды. III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігінде ентігу және цианоз артериальді гипоксемияның көрінісі ретінде байқалады.