Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СҰРАСТЫРУ. Негізгі шағымдары



бет126/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СҰРАСТЫРУ.
Негізгі шағымдары: кеуде клеткасындағы ауырсыну, жөтел, қан қақыру, ентігу, дене температурасының жоғарлауы.
Кеуде клеткасындағы ауырсыну (dolor) -тыныс алу жүйесінің элементтерінің зақымдалуынан болуы мүмкін, мысалы: плевра, қабырға, қабырға аралық бұлшық еттер, жүйкелер, сонымен қатар басқада ағзалар: жүрек – қантамыр жүйесі, тірек –қимыл жүйесі тарапынан болуы мүмкін. Ауырсынуды анықтағанда орналасқан орнын, сипатын, интенвитілігін, ұзақтығын, пайда болу шартын, ауырсыну немен басылады соны анықтау керек. Кеуде клеткасындағы ауырсыну көбіне жергілікті орныққан(локализованные), тесіп ауыратын, терең тыныс алғанда, жөтелгенде күшейетін болып келеді. Кеудедегі ауырсынулар мына жағдайларға байланысты туындауы мүмкін: терінің зақымдалуы( жарақаттар, тілмелі қабынуда, белдемелі теміреткеде – herpes zoster ; ) бұлшық еттердің жарақаты, қабынуы –миалгия, миозит, қабырға аралық нервтер тарапынан( кеуделік радикулит – спондилоартрозда, Шморль жарығы(грыжа)); қабырғалар тарапынан (сынықтар, периоститтер) болуы мүмкін.
Трахея және бронхтардың аурулары кезіндегі ауырсыну кеуде артында, сипаты тырнаған тәрізді, күйдірген тәрізді, интенсивті емес, жөтелген кезде күшейеді, тыныс алу кезінде өзгермейді.
Тыныс аурулары кезіндегі кеудедегі ауырсыну плевраның тітіркенуінен болады. Әсіресе қабырғалық және диафрагмальді бөлігінің. Себебі бұл жерлерде өкпенің өзінде жоқ сезімтал жүйке ұштары орналасқан. Плевраның патологиялық өзгерістері оның қабынуында(құрғақ плевритте), өкпенің қабынуында( крупозды пневмонияда, абсцесте, туберкулезде), өкпе инфарктісінде, ісіктердің плевраға метастаз беруінде, жарақатты спонтанды пневмоторакста, диафрагма астылық абсцестерде, жедел панкреатитте. Ауырсынудың орналасуы патологиялық ошақтың орнына байланысты болады. Құрғақ плеврит кезінде ауырсыну кеуде клеткасының оң немесе сол жақ төменгі латеральді бөлігінде кездеседі. Диафрагмальді бөлігінің қабынуында ауырсыну іш аймағында тәрізді сезінуі мүмкін. Осы кезде жедел холецистит, панкреатит, аппендициттің клиникасын береді.
Плевральді ауырсыну жергілікті сипатқа ие. Ауырсыну берілмейді, инемен тескен тәрізді, айқын интенсивтілікке ие. Тыныс алу кезінде жылдам күшейеді, әсіресе науқасты сау жағына бұрған кезде. Қабырға аралық невралгия кезіндегі ауырсынулар орналасуы осы сияқты, арқаға беріледі, тесіп ауырсыну болады, айқын интенсивті, тыныс алу кезінде ауырсыну күшейеді. Жүрек және қан тамырлардың аурулары кезіндегі кеуде артындағы ауырсыну физикалық жүктеме кезінде пайда болады, адам қобалжығанда, теріс эмоция кезінде кенеттен басталады. Ауырсынудың ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше сағатқа созылады. Ауырсыну өзінің интенсивтілігін жөтелгенде, терең тыныс алғанда өзгертпейді.
Жөтел (tussis) – плевра,бөліктік және сегменттік бронхтардың,трахея, көмей, жұтқыншақ рецепторларының тітіркенуіне тыныс алу жолдарының қорғаныш рефлекторлы актісі. Жөтел сонымен қатар кезбе нервтің рецепторларының тітіркенуінен болуы мүмкін. Мысалы: кеуде аралықтың ісігі кезінде, қолқа аневризмасында, сол жақ қарыншаның ұлғаюы кезінде. Құрғақ жөтел – өкпе мен бронхтардың қабынуының бастапқы сатысында байқалады. Өнімді, қақырықпен жөтел обструктивті типті тыныс жетіспеушілігінде кездеседі. Аз өнімді жөтел обструктивті бронхитте және бронхиальді демікпеде кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет