Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Плевра қуысында сұйықтықтың жиналу синдромы



бет123/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Плевра қуысында сұйықтықтың жиналу синдромы

Плевра қуысында сұйықтықтың жиналу синдромы гидроторакс (плевра қуысына транссудаттың қабынған емес сұйықтықтың жиналуы жүрек жетіспеушілігіне тән) немесе экссудативті плевритта кездеседі. Бұл синдромға тән белгілер демікпе (өкпе қысылғанда және өкпенің дем алуда қатысатын көлемі азайғанда өкпе жетіспеушілігі дамуынан пайда болады), сұйықтық жиналған жағындакеуде клеткасының ассиметриясы және тыныс алуда сол жағының қалып қоюы. Сұйықтық жиналған аймақ үстінде дауыс дірілі әлсірейді, немесе анықталмайды, перкуссияда тұйық дыбыс, аускультацияда везикула дыбысы және бронхофония әлсіреген немесе ешқандай дыбыс естілмейді. Рентгенологиялық зерттеуде сұйықтық жиналған аймақта қарайған дақ анықталады. Жиі өкпенің төменгі бөлігінде (гидроторакста жиі екі жақта болады). Қарайған аймақтың жоғары шекарасы анық, плеврада транссудат жиналса ол горизонтальді, экссудат жиналса шекарасы перкуссияда анықталып қиғаш орналасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет