Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет149/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жағымсыз тыныс шулары:

  1. Сырылдар

  2. Крепитация

  3. Плевраның үйкеліс шулары

Сырылдар: 1) құрғақ 2) ылғалды
Сырылдар бронхтарда, трахея, қуыстарда пайда болады. Бронхтардың қуысы тарылғанда құрғақ сырылдар пайда болады. Олар мынадай кездерде кездеседі:

  1. Бронхтардың шырышты қабаты ісінгенде,қабынуда пайда болады

  2. Бронхтардың бірыңғай бұлшық еті тарылғанда

  3. Бронх қуысында қақырық тұтқырланғанда

  4. Өкпенің инфильтративті қабынуында, бронхтардың ісіпен басылуында

Құрғақ дыбыстар тембіріне байланысты бөлінеді:

  1. Жоғары, ысқырықты: бронхоспазмда

  2. Төмен: ірі бронхтар зақымдалғанда, бронх қуысында қақырық жиналуында пайда болады.

Құрғақ сырылдар – тыныс алғанда, тыныс шығарғанда естіледі. Егер оладың пайда болу механизмі қақырықпен пайда болса, жөтелден кейін пайда болса ол күшейеді немесе керсінше әлсізденеді.
Ылғалды сырылдар – ауаның сұйық қықырық арқылы өтуінен кейін пайда болады. Бұл кезде көпіршіктер пайда болып, тарылуы нәтижесінде – ылғалды сырылдар пайда болады. Ылғалды сырылдар – тыныс алу фазасында жақсы естіледі. Жөтел сырылға әсер етеді. Олар күшейеді немесе жоғалады. Ылғалды сырылдар орналасу орнына байланысты бөлінеді:

  1. Ұсақ көпіршікті (ұсақ бронхтарда пайда болады)

  2. Орташа көпіршікті(орташа бронхтарда пайда болады)

  3. Ірі көпіршікті(ірі көпіршіктерде пайда болады)

Крепитация – тыныс алудың соңында естіледі. Альвеолардың көп санының бір – біріне жабысып, ажырауы нәтижесінде пайда болатын шуыл. Альвеолаларда сұйықтықтың аз болуынан, сурфактант мөлшерінің азаюынан пайда болады. Бұл жағдайлар: крупозды пневмонияларда, ошақты пневмонияларда, сол жақ қарыншалық жетіспеушілікте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет