СТАНДАРТ Өкпеге аускультация жүргізу техникасы. 1. Өкпені белгілі бір реттілікті сақтап, фонендоскоппен, стетоскоппен және құлақпен тыңдаңыз.
2. Өкпені тыңдағанда симметриялы жерлердің дыбысын салыстырыңыз.
3. Қалыпты жағдайда екі жақта везикулалық тыныс естіледі.
Өкепені тыңдау реті: а) кеуденің алды
б) кеуденің арты
Е скерту:аускультация жүргізгенде тыныштықты сақтау керек.
СТАНДАРТ Пикфлоуметрия жүргізу техникасы Мақсаты: диагностикалық
Көрсетпе:бронхиалдық астманы бақылау үшін
Жабдықтау: 1. Пикфлоуметр
2. Аймақтар (жасыл, сары, қызыл) жүйесінің картасы
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1. Пикфлоуметр таза болуы қажет, әр пациетте жеке өлшегіш болады;
2. Пиуфлоуметрия жүргізгенде пациент тік тұрып, пикфлоуметрді
горизонтальды күйде ұстайды;
3. Саусақтармен шкаланы және тесігін жауып тұруға болмайды;
4. Әр өлшеу жүргізген сайын өлшегішті нөлге теңестіру керек;
5 . Пикфлоуметрия алдында демді терең ішке алып, пикфлоуметр мундштугін
ерітіндімен тығыз ұстап, максимальды күшпен демді тез шығару керек;
6. Өлшеуді 3 рет қайталап, оның ең жақсы көрсеткіші тіркеледі және
пикфлоуметрия графигі сызылып, аймақтар картасы толтырылады.
Ескерту: Пикфлоуметрді жыл сайын ауыстыру қажет.