Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Топографиялық перкуссия жасау техникасын үйрету



бет155/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Топографиялық перкуссия жасау техникасын үйрету
Топографиялық перкуссияның мақсаты – әртүрлі мүшенің шегін, мөлшерін және конфигурациясын анықтау.
Топографиялық перкуссияның ережелері:
1. перкуссияны анық дыбыстан жай дыбысқа қарай жүргізу керек;
2. плессиметр – саусақты анықтайтын шекараға параллель қою керек;
3. шекараны плессиметрдің айқын дыбысқа қараған жағынан белгілеу керек.
СТАНДАРТ
Салыстырмалы перкуссия жасау техникасын үйрену
Салыстырмалы перкуссияның мақсаты – өкпеде, плеврада және құрсақ қуысында патологиялық өзгерістерді табу.
Салыстырмалы перкуссияның ережелері:
1. перкуссияны симметриялық нүктелерде жүргізу керек;
2. перкуссиялық қағудың күші екі жақтан да бірдей болу керек.



Салыстырмалы перкуссия:а) кеуденің алды; б) кеуденің арты.


СТАНДАРТ
Өкпеге салыстырмалы перкуссияны жүргізу техникасы

1. Өкпенің ұштарын салыстырыңыз. Ол үшін плессиметр саусақты бұғанадан жоғары және оған параллель орналастырып, перкуссиялаңыз. Екі жақтағы дыбысты салыстырыңыз.
2. Қабырға арасы кеңістікке орналасқан саусақ-плессиметрді қаға отырып, өкпенің алдыңғы жағының дыбысын салыстырыңыз. Перкуссияны жүрек ойығына дейін ғана жүргізіңіз.
3. Өкпенің арқа бетін перкуссиялаңыз.
4. Перкуссияны жауырыннан жоғары бастаңыз.
5. Плессиметр саусақты жауырыннан жоғары және қабырғаларға паралель орналастырыңыз.
6. Жауырынаралық кеңістіктің дыбысын салыстырғанда плессиметрді омыртқаға параллель (қабырғаларға перпендикуляр) орналастырып, екі жақтың дыбысын салыстырыңыз.
7. Жауырыннан төменгі жерде салыстырмалы перкуссияны плессиметр саусақтың горизонталь күйінде (қабырға параллель) жүргізіңіз.
8. Қалыпты жағдайда екі жақта дыбыс бірдей болу керек.
ЕСКЕРТУ: Перкуссияны жүргізгенде тыныштықты сақтау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет