Рентгенологиялық зерттеу әдістері Рентгеноскопия - өкпе алаңының мөлдірлігін, тығыздалу ошақтарын( инфильтраттарын, пневмосклероз, жаңа түзілістерді) және өкпе тіндерінің қуысын, кеңірдек пен бронхтардағы бөгде денелерді, плевра қуысындағы сұйықтықтар мен ауаны, дөрекі плевральді жабысуларды анықтайды.
Рентгенография –рентгеноскопия арқылы анықталған өзгерістерді рентгендік пленкаға щығару әдісі. Кейбір өзгерістер – ошақтық тығыздалулар, бронхотамырлық өзгерістер рентгенографияда жақсы суреттеледі.
Томография– өкпені қабат-қабат бойынша зерттеу әдісі. Бұл әдіс ісіктерді нақты диагностикалауда таптырмас әдістердің бірі.
Бронхография – бронхтарды зерттеу әдісі. Науқасқа жансыздандырудан кейін бронх тармақтарына контрасты затты енгізеді. Контрасты заттар рентген сәулелерін ұстауға көмектеседі. Бұл әдіс бронхоэктаз анықтауда, өкпе абсцесін, кавернасын анықтауға мүмкіндік береді.
Флюорография -өкпені ренгенографиялық зерттеулердің бірі түрі, фотосурет кіші форматтағы пленкаға шығарылады. Бұл әдіс көптеген профилактикалық зерттеу әдісінде қолданылады.