Пульсоксиметрия- артериальді қанның оттегімен қанығуын анықтау.
СТАНДАРТ Кеуде сарайының ПАЛЬПАЦИЯСЫ Кеудені сипап қарағанда анықтаңыз:
1. кеудеде ауыратын жерлерді
2. дауыс дірілін
3. кеуденің эластикалық (серпінділік) қасиетін, оны екі жақтан қысыңыз. Қалыпты жағдайда иілгіш келеді.
Дауыс дірілін анықтау 1. Кеуде сарайының екі жағындағы симметриялы нүктелерге екі қолдың алақанын қойыңыз.
2. Науқасты «Р» әріпі бар сөзді айтуға сұраңыз.
3. Қалыпты жағдайда екі жақта дауыс дірілінің күші бірдей болу керек.
4. Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі, әлсіреуі мүмкін.