Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет165/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жүрек тұсының ауырсынуы . Жүрек тұсының ауырсынуы көптеген ауруларда кездеседі, яғни жүрек –қан тамыр жүйесінің патологиясымен байланыссыз ауруларда да болады (мысалы омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозында,сол жақ құрғақ плевритте , қабырғааралық невралгияда,миозитте және т.б.) Сондықтан, ауырсынудың патогенезін анықтау үшін бұл шағымды арнайы алгоритм бойынша жіктеу қажет:

  • ауырсынудың орны (локализациясы)

  • ауырсынудың таралуы (иррадиациясы)

  • пайда болуы (физикалық және эмоциялық күш түскенде немесе тыныштықта , қозғалыс кезінде, тыныс алғанда)

  • ауырсынудың сипаты (ине шаншып,сыздап,басып ,қысып ,күйдіріп және т.б.)

  • үнемі немесе ұстамалы түрде

  • ауырсынудың қарқындылығы (интенсивтілігі)

  • ұзақтығы

  • ауырсыну немен басылады.

Стенокардия кезінде ауырсыну төс артында, төстің сол жағында , жүрек тұсында болады.Ауырсыну сол жақ жауырынға,сол қолға, мойынның сол жақ бөлігіне, сол жақ жауырын астына таралады. Ауырсынудың сипаты: шаншып, басып, қысып ауырсыну болады Үнемі физикалық және эмоционалды жүктемеде пайда болады, 3-5 минутқа,сирегірек 15-20 минутқа созылады. Физикалық жүктемені жойғаннан кейін немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін ауырсыну басылады. Ал миокард инфарктісінде ауырсыну интенсивті болады және ұзаққа созылады, нитроглицеринмен басылмайды. ЖИА (ИБС)- жүректің ишемиялық ауруында, атап айтсақ стенокардия және миокард инфарктысында ауырсынудың пайда болуы, коронарлық қан тамырларда қан айналымының нашарлауымен және коронарлық артериялардың спазмымен байланысты . Нейроциркуляторлық дистонияда жүрек ұшы аймағында ешқайда тарамайтын седативті дәрі- дәрмектермен басылатын шаншып ауырсыну болады (валериана, корвалол, транквилизаторлар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет