Қосымша шағымдарға: әлсіздік, тез шаршағыштық , тершеңдік, ұйқының бұзылуы жатады. Бұл шағымдардың барлығы жүрек жетіспеушілігінде гипоксемияның дамуымен байланысты.
Бас ауруы- артериалды гипертензия және гипотензияда кездеседі.
Артериалды гипертензияда ауырсыну бастың шүйде және самай аймағында болады.
Бас ауруының себебі-бас миындағы атеросклероздың салдарынан, бас миында қан айналымның нашарлауына және бас миының ишемиясына байланысты.
Бас айналуы , құлақта шудың пайда болуы – артериалды гипертензияға , церебральды атеросклерозға тән. Бас миы қан тамырларындағы қан айналымның диффузды және ошақты бұзылыстарымен сипатталады. Сонымен қатар науқаста диспепсиялық шағымдар(жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, іш өту және іш қату ) болуы мүмкін. Бұл оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігінде төменгі қуыс венада веноздық қанның іркілуіне байланысты. Қан іркілуінде оң жақ қабырға астында ауырсынуы және іштің керілуі мен кебуі байқалады.
Ауыр жүрек жетіспеушілігімен ауыр гипоксемия фонында ұйқысыздық, қозғыштық кездеседі.Сирек жағдайда психикалық бұзылыстар (сандырақ , галлюцинация) болады.