Митралдьды бет (facies mitralis) – қос жармалы қақпақшаның стенозы бар науқастарда кездеседі. Бозарудың фонында-ерін, бет, мұрын ұшы, сырғалықтың цианозы айқын көрініс береді;
Корвизар беті (facies Corvisari) – ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда кездеседі. Науқас арық, беті бозарған-цианитті, сарғыш реңді, аузы ашылыңқы болады , тыныштықта ентігеді, ортопноэ қалыпта отырады.
Тері және шырышты қабаттарды қарау. Алдымен тері жамылғысының түсін бағалаймыз.
а) Цианоз. Ол айқын диффузды өкпелік жүректе болуы мүмкін («көк» туа біткен жүрек ақауында, өкпе артериясының склерозында (Аэрза ауруы)).
Достарыңызбен бөлісу: |