Шеткі цианоз (акроцианоз) жүрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысына тән белгі. Әсіресе білек, табан, саусақ ұштарының, ерін, мұрын ұшының цианозы байқалады. Оған қан айналым бұзылысы және шеткері қанның тоқтап қалуы себеп болады. Газ алмасу бұзылады, гемоглобиннің жиналуы байқалады, бұл шеткері аймақтардың көкшіл түске боялуымен көрінеді. Аяқ-қолдарының бастары суық болады.
Аралас цианоз – орталық және шеткері цианоз сипаттарына ие болады. Кардиологиялық науқастарда жүрек жеткіліксіздігінің тотальдық типіне сәйкес болады.