Ұйқы безінің зақымдалу синдромы-ұйқы безінің қабыну ауруларына (панкреатит, киста, ісіктер) тән симптомдар жиынтығы. Олар:
Лоқсу, құсу, метеоризм, іш өту, үлкен дәрет сұрғылтым, жылтырауық, май араласқанда дұрыс жуылмайды.
Жалпы қарау кезінде науқаста терісінің бозғылттығы, дене салмағын тез жоғалту, организмнің сусыздануы, витамин жетіспеушілігінен шаш түсуі, тырнақтың сынуы, терісінің құрғауы байқалады.
Жүйке жүйесінің зақымдалуы. Жедел және созылмалы панкреатиттер кезінде бас ауруымен, бас айналуымен, психомоторлы қозумен, естің бұзылуымен, сезімталдықтың бұзылуымен бірге жүретін бұзылыстар болуы мүмкін.
Ұйқы безінің сыртқы сұйығының жетіспеушілік синдромы.
Бұл ұйқы безінің құрамында негізгі ас қорытатын ферменттері мен гидрокарбонаттардың және сөл бөлінуінің бұзылуымен сипатталатын симптомокомплекс. Оны біріншілік (туа пайда болған) және екіншілік (жүре пайда болған) деп ажыратамыз. Ферменттердің жеткіліксіздігінен әдетте ішекішілік ас қорыту удерісі бұзылады. Микроорганизмдер шығып, дисбактериоз дамиды. Науқас іштің шұрылдауына, кебуіне, өтуіне шағымданады. Копрологиялық зерттеу кезінде стеаторея, креаторея,амилорея байқалады.Бастапқы кездегі патологиялық өзгерістер ұзақ уақыт бір қалыпты болуы мүмкін. Бұл синдромда біртіндеп ішек қабырғасында асты қорыту және оны сіңіру үдерістері бұзылады. Науқас адам жүдейді, полигиповитаминоз және микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілері пайда болады. Гипопротеинемиялық ісіктер пайда болады.
Ұйқы безінің сыртқы сұйық сөлінің жеткіліксіздігін анықтау үшін қанның сарысуындағы трипсиннің, амилазаның, липазаның, антитрипсиннің мөлшері, зәрдегі амилазаның мөлшері анықталады. Ұйқы безінің сөлі зерттеледі.Ұйқы безінің эндокриндік қызметі жиі өзгеретін болғандықтан, аш қарынға глюкозаның мөлшерін анықтау қажет (глюкозотолерантты тест).
Ұйқы безінің эндокринді жетіспеушілігі үш кезеңге бөлінеді:
Бастапқы, жасырын кезеңі, ферменттер көп мөлшерде қажет болғанда ғана білінеді.
Айқын панкреатиндік жетіспеушілік кезеңі (іш өту, стеато,креато, амилорея).
Дистрофиялық кезең (кахексия, гиповитаминоз, ағзалардағы дистрофиялық өзгерістер).
Достарыңызбен бөлісу: |