Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет286/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Лоқсу және құсу рефлекторлы түрде жедел панкреатитте кездеседі. Созылмалы панкреатитте және ұйқы безінің қатерлі ісігінде диспепсиялық шағымдар ұйқы безінің ферментативтік функциясының бұзылуына байланысты болады (тәбеттің нашарлауы, майлы тамаққа жиіркенушілік болуы, жүрек айну, құсу, іш өтуі, іш кебуі, нәжісі жаман иісті, консистенциясы сұйық жылтыр, көлемі мол). Ішекте тамақ қорытылу бұзылуының әсерінен науқаста жүдеу және жалпы әлсіздік дамиды.
Сарғаюдың механикалық түрінің үдемелі дамуы, тері қоңыр-жасыл түсті болуы, қышыма мен қоса геморрагиялық бөртпелердің шығуы ұйқы безі басының қатерлі ісігінде кездеседі. Себебі: ұйқы безінің қатерлі ісігі өзінің ішінен өтетін жалпы өт жолдың соңғы бөлігін қысып қалып, өттің ағуына кедергі туғызады (Одди сфинктері).
ЖАЛПЫ ҚАРАУ

  • Ұйқы безінің ауруларында сарғаю, жүдеу, ал ұйқы безінің қатерлі ісігінде кахексияға дейін жүдеуі мүмкін.

  • Жедел панкреатитте науқастың толуы және терінің бозаруы байқалады.

  • Қантты диабетте тері құрғайды және серпінділігі төмендейді.

  • Ұйқы безінің сарысуында – ішінің жоғарғы бөлігі шығыңқы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет