Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет294/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Гипертониялық синдром. Бүйрек АҚҚ реттеуде маңызды рол атқарады. АҚҚ жоғарлау механизмі бүйрек аурулары кезінде натрий мен судың ұсталуында, прессорлы жүйенің активациясында(ренин- ангиотензин жүйесі),айналымдағы қан көлемінің жоғарлауы. Артериальді гипертензияның бүйрек аурулары кезіндегі ерекшеліктері: диастолалық қысым жоғарлайды, көбіне клиникалық көрініссіз жүреді, гипертониялық криздердің болуы сирек, медикаментозды емге көбіне көмбейді, үнемі үдемелі ағымға ие.

  • Зәрлік синдром( зәр құрамының өзгеруі): Зәрдің физикалық қасиетін анықтайды: зәрдің көлемін, жалпы анализ(100 мл кем емес), түсін, қалыпты жағдайда зәрдің түсі мөлдір. Салыстырмалы салмағы 1010- 1025, дені сау адамдарда 1003-1028 дейін өзгереді. Тәуліктік өзгеруі 10 бірліктен кем емес. Түңгі уақытта зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғары келеді. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі – гипоизостенурия. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне тән. Үнемі жоғары зәрдің салыстырмалы тығыздығы жедел бүйрек жеткіліксіздігіне тән. Қалыпты жағдайда зәрде белок болмайды. Зәр арқылы белоктың бөлінуі – протеинурия. Егер протеинурия альбуминмен бөлінсе - селективті деп аталады, глобулинмен болса – селективті емес деп аталады. Микроальбуминурия – тәулігіне белоктың 30-300 мг бөлінуі. 300 мг жоғары болса - протеинурия. Егер 3,5 г/ тәу. Болса жоғары, шамалы – 1-3 г/тәу. , аз – 1 г/тәу. Гематурия – зәрде эритроциттердің пайда болуы. Қалыпты жағдайда көру аймағында 1-2 , макрогематурия – зәр түсінің өзгеруі(қызыл түсті зәр). Микрогематурия – көру аймағында 1 клеткадан артық клеткалардың пайда болуы, 1 мл -1000 артық клеткалар. Егер бұл жағдайлар қатты ауырсынулармен жүрсе – зәр тас ауруында, қалған жағдайларда – нефропатия. Лейкоцитруия – зәрде лейкоциттердің жоғарлауы. Жалпы зәр анализінде ерлерде – 2-3 көп көру алаңында, әйелдерде – 3-5. 1 мл зәрде 2000 жоғары. Бұл жағдайлар микробты – қабыну ауруларына тән. Цилиндрурия – қалыпты жағдайда болмайды, немесе бірлі жарлым болуы мүмкін. Цилиндрлер: гиалинді(белокты), түйіршікті(түтікше эпителийінің дистрофиясы), балауыз тәрізді (түтікше эпителийінің зақымдалған кезде бөлінген өнімдер). Бактерийурия – 1 мл зәрде 100000 кем емес микроб денелерінің пайда болуы.

    Зәрдің жалпы анализі, зәрді Нечипоренко анализі арқылы зерттеуде анықталады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   359




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет