Олигурияжәне анурия Тәуліктік диурездің 500 мл/тәу төмендеуі – олигурия деп аталады. 100 мл/тәу. Аз болуы - анурия. Анурия кезінде зәр қуыққа түспейді. Ол зәрдің түзілуінің төмендеуінен. Бұл шынайы анурия деп аталады. Қуықтан зәрдің бөлінуінің бұзылысы зәрдің ұсталуын түсіндіреді. Клиникалық маңызы болып шынайы анурияны айтуға болады. Оның себебі болып жедел бүйректік нефротикалық факторлар (әртүрлі уланулар салдары, ауыр интокикациялар), немесе қан айналым бұзылысы (әртүрлі этиологиялы шоктар), сонымен қатар бүйрек паренхимасының жедел қабыуы (жедел нефрит) жатады. Жиі шынайы анурия жедел бүйрек жеткіліксіздігінің белгісі болып табылады.Жедел зәрдің ұсталуы(задержка) қуық асты безінің аденомасында, қатерлі ісігінде, парапроктитте, ОЖЖ ауруларында, атропин тәрізді препараттарды пайдаланғанда кездеседі. Бұл кезде қуықтың ұлғаюы анықталады.