Полиурия және поллакиурия Полиурия - тәуліктік зәр көлемінің ұлғаюы (3 л жоғары).Полиурия тамақтану ерекшеліктерімен, зәр айдағышы дәрілерді пайдаланумен байланысты да болуы мүмкін. Полиурияны поллакиуриядан ажытару керек. Поллакиурия зәр шығарудың жиілеуі. Полиурия көбіне полидипсиямен байланысады. Полидипсия – қабылдайтын су мөлшерінің патологиялық жоғарлауы. Полиурия мына жағдайлар кезінде болады: сұйықтықты көп мөлшерде қабылдауда, гипергликемия кезіндегі гиперосмия, қантсыз диабет(АДГ жеткіліксіздігі), диуретиктерді пайдалану, гиперкальциемия, бүйректің интерстицианальді ауруында.
Тұрақты полиурия салыстырмалы тығыздығы төмен ( гипостенурия) зәрмен бірге жүрсе, ауыр бүйрек тән болып келеді: созылмалы нефритке, созылмалы пиелонефритке, бүйректік атеросклерозға. Бұл кездегі полиурия – бүйрек жеткіліксіздігі дамыған, ұзаққа созылған ауру екенін көрсетеді және бүйрек каналдарында қайта сіңірлудің бұзылғанын анықтайды.
Никтурия түңгі мезгілде зәр шығуының жиілеуі. Полиурияның никтуриямен байланысуы созылмалы бүйрек ауруының бір белгісі болып келеді.