Диурездің өзгеруі Белгілі бір уақыт аралығында зәрдің бөлінуі – диурез деп аталады. Диурез оң( науқас тәулік ішінде ішкен сұйықтығынан көп зәр бөледі) және теріс (керсінше) деп бөлінеді. Теріс диурез ағзада сұйықтықтың ұсталып қалуында кездеседі( бүйрек, жүрек ісіктері кезінде), сонымен қатар тері және өкпе арқылы бөлініп шығуында( құрғақ, ыстық ауа райы кезінде). Оң диурез зәр айдайтын препараттарды ішкенде кездесіп жатады. Зәр шығарудың бұзылысы – дизурия деп аталады.
Жиі ісіктер – зәрдің түзілуі мен бөлінуінің азаюымен бірге жүреді