Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Ишурия Ануриядан зәрдің ұсталуын - ишурияны



бет299/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Ишурия
Ануриядан зәрдің ұсталуын - ишурияны айыра білу керек . Науқас бұл кезде қуықты босата алмайды. Мысалы: науқаста жұлыны зақымдалғанда, ес – түссіз жағдайларда кездеседі.
Егер зәр «монотонды» тығыздығы төмен қасеитке ие болса ол – изостеноурия деп аталады. Әдеттегі төмендеу – гипостеноурия деп аталады.
Бүйрек және жоғары зәр шығару жолдарының зақымдалуымен байланысты ауырсынулар
Бүйрек және жоғары зәр шығару жолдарының зақымдалуымен байланысты ауырсынулар арқада және іште білінеді. Кейде ауырсыну синдромы жоқ болуы мүмкін(мысалы созылмалы нефритте). Бел аймағындағы екі жақты тұйық ауырсыну, кейде қатты ауырсынулар жедел нефритте кездеседі. Бір жақты кенеттен пайда болған ауырсынулар бүйрек инфарктісіне немесе жедел полинефритке байланысты болады. Егер науқас ауырсынуға шағымданса оның орналасу орнын нақтылау керек. Сонымен бірге сипатын. Бүйректе өз тарапынан ауырсыну рецепторлары болмайды. Ауырсыну бүйрек капсуласының керілуінен болады. Бүйрек капсуласының керілуі бүйрек тінінде қабыну немесе іркілу нәтижесінде болады.
Бүйрек коликасы – ұстамалы, қатты (шыдатпайтын) ауырсынулар, орналасуы бір жақты бел аймағында, шап аймағына, несепағар бойында, аралыққа беріледі. Жиі ауырсыну жүрек айнумен, құсумен, зәрде қанның анықталуымен жүреді( макрогематурия, жиі микрогематурия), науқасты ауырсыну кезіндегі өзіне орын таппауы назар аудартады. Ауырсынудың негізінде бүйрек түбекшелерінің спастикалық жиырлуы жатыр. Несепағардың таспен, ірің, қан қоюлануынан, сирек тіндік детриттермен(ісіктердің ыдырауы) бітелуі кезіндегі түбекшелерің созылуынан болады. Белді екі жақты соққылау, автокөлікте жүру ауырсынуды күшейтеді. Тұрақты түрдегі бел аймағындағы қатты ауырсыну бүйрек аймағындағы клетчатканың жедел қабынуында – жедел паранефритте кездеседі. Бұндай ауырсынулар – аяқты созғанда күшейеді. Қуықтың ауырсынуы – іштің төменгі аймағындағы ауырсынумен байланысты. Қуықтың жедел қабынуы зәр шығарудың бұзылысымен( оның ауырсынуы және жиілеуімен жүреді).
Зәр шығарудың бұзылысы – дизурия. Дизурияға:

  • Зәр шығарудың ауырсынумен жүруі

  • Зәр шығарудың жиілеуі (поллакиурия)

  • Қиындықпен зәр шығару

  • Зәрді ұстай алмау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет