Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет301/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Зәрді ұстай алмау
Зәрді ұстай алмауға еріксіз зәр шығару жатады. Ол зәр шығару жолдарымен және қуықтың зақымдалуынан болады. Ол науқас үшін гигиеналық және әлеуметтік тұрғыдан қиындықтар тудырады.
Зәрдің түсі
Науқастар көбіне зәр түсінің өзгерісіне шағым айтады. Макрогематурия – көп мөлшерде зәрге эритроциттердің араласуынан болады. Қызыл түсті зәр – бүйрек коликасында( зәр тас ауруында). Ет жуындысы тәрізді зәр эритроциттермен бірге лейкоциттердің, шырыш, эпителийдің араласуы – жедел нефритте кезеседі.
Ауру анамнезі (Anamnesis morbi)
Науқастан сұрау барысында ықпал еткен инфекциясына көңіл бөлу керек ( ангина, скарлатина, отит, жедел ринофарингит). Сондай салдарлардың бірі жедел гломерулонефритте кездеседі. Науқастан бұрындары бүйрек ауруралымен және зәр шығару жолдарының ауруларымен ауырды ма жоқпа анықтау( жедел гломерулонефрит, пиелит, цистит) керек. Кейбір жағдайларда нақты тұрмыстық немесе кәсіптік интоксикациялар, кейбір уытты заттарды әдейі немесе кездейсоқ ішу бүйректің ауыр зақымдалуын( нефронекроз) көрсетеді. Науқастан міндетті түрде аурудың басталу ағымының сипатын анықтап шығу керек: мысалы: егер ауру біртіндеп басталатын болса – бүйрек артериосклерозына, созылмалы диффузды гломерулонефритке , бүйрек амилоидозына тән, қайталамалы кезенді өршулер ( созылмалы пиелонефрит) тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет