Зәрдің реакциясы Максимальді қышқыл реакциялы зәрде pH 5,0 төмен болады. Ал сілтілі реакцияда 7,5 жоғары болады. Қалыпты жағдайда реакциясы қышқылды.
Зәрдің химиялық құрамы Белоктың зәр арқылы экскрециясы(альбуминурия, дұрысырақ - протеинурия) бүйрек зақымдалуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Соңымен қатар протеинурия бүйрек ауруларына қатысы жоқ аурулар кезінде де кездеседі: қызбада, ұзақ уақыт дене вертикальді қалыпта болғанда да кездеседі.
Белок 0,033 г/л болғанда оң мәнді болады. Зәрдегі белокты анықтау зәрмен азотты қышқылды араластырған кезде 2-3 минуттан кейін сақина тәрізді тұнбаның түзілуінен анықталады. Бұл әдіс қарапайымдылығына қарамастан өте сенімді әдіс. Тәулігіне 3,0-3,5 г бөлінген белок көбіне нефротикалық синдромға тән. Қалыпты жағдайда зәрмен глюкозаның бөлінуі 0,3 г/тәу құрайды. Кетонды денелер зәрде дені сау адамдарда қарны ашқан кезде пайда болады. Билирубин қалыпты жағдайда зәрде анықталмайды. Қанда билирубиннің көбеюі конъюгирленген фракциясының нәтижесінде болады және бүйрек арқылы бөлініп, зәрде анықталатын кездер болады.