Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Зәр тұнбасын микроскопиялық зерттеу



бет310/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Зәр тұнбасын микроскопиялық зерттеу
Зәр тұнбасы зәрді центрифугамен 2000 жылдамдықпен 10 минут айналдыру нәтижесінде пайда болады. 12 мл зәрден пайда болған тұнбаны 1 мл тұнба үстілік ерітіндімен араластырып микроскопиялық зерттеу жүргізеді. Қышқыл реакциялы зәрде цистин және зәр қышқылы кристалдарын анықтауға болады. Сілтілі зәрде фосфат және кальций оксалаттарының кристалдары анықталады. Әртүрлі бүйрек ауруларында зәрде әртүрлі клеткалар анықталады – эритроциттер, лейкоциттер, эпителий клеткалары (бүйрек каналдарының эпителийі, несеп ағар жолдарының эпителийлері, қуықтың, зәр шығару жолдарының жалпақ эпителийі). Эритроциттер және лейкоциттер зәрге зәр шығару жолдарының әртүрлі жерлерінен түседі. Егер таңертенгілік зәрде микроскопта көз алағында 2 жоғары эритроциттер анықталса – эритроцитурия деп аталады( гематурия). Дені сау адамдардың зәрінде микроскоп арқылы зерттегенде көз алаңында 5 лейкоциттер анықталады. Зәрде лейкоциттердің жоғарлауын лейкоцитурия деп атайды. Айқын лейкоцитруияда клеткалар жинақталады. Пиурия дегеніміз макроскопия арқылы зәрде іріңнің анықталуы.
Зәрдегі лейкоциттерді морфологиялық зерттеуге зәрдің жіңішке жұғындысын Романовский – Гимзе әдісімен бояп микроскопиялық зерттеу арқылы зерттеу жатады.
Бактерия
Зәрде бактериялар анықталуы мүмкін. Олар Грам бойынша бояғанда анықталады. Ең маңызды болып зәрді қоректік ортаға егу жатады, ол бактериурия сатысының сандық бағалау үшін керек. 1 мл зәрде 100000 бактерияның анықталуы – бактериурия деп аталады. Зәрді қоректік отраға егу арқылы бактерияның түрін және антибиотикке деген сезімталдығын анықтауға болады.
Цилиндрлер
Цилиндрлер зәрдің баяу бүйрек ішілік жылжуы нәтижесінде немесе айқын протеиурия және ондағы кейбір элементтерге(эритроциттер, лейкоциттер, бүйрек каналдарының эпителийі) байланысты түзледі. Цилиндрлер белоктардың каналдардың қуысында шөгуінен де пайда болады. Цилиндрлер тек кана белокты(гиалинді және балауыз тәрізді) және клеткалы (эритроцитарлы, лейкоцитралы, эпителиальді болады). Цилиндрлердің пайда болуы бүйрек паренхимасының ауыр зақымдалғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет