Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Сол жақ бүйректің пальпациясы



бет307/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Сол жақ бүйректің пальпациясы
Науқастың сол жақ бүйрегіне пальпация науқастың оң жағында жүргізіледі. Науқастың сол жақ қолы сол жақ бел аймағында оны бекітуге қатысады. Пальпациялауды әрі қарай оң жақ бүйрекке жүргізгендей реттілікпен орындайды.


ПЕРКУССИЯ
Клиникалық маңызы бар соққылау және Пастернацкий симптомдарын ажырата білу керек. Соққылау симптомы оң мән береді егер бел аймағына бір қолды қойып екінші қолының жұдырығымен соққылау кезінде ауырсыну туса. Оң мәнді Пастернацикий кезінде науқас аяқ ұшында тұрып қайтадан аяқын өкшеге түсірген кезде ауырсынудың пайда болуы. Ауырсынулардың оң болуы көбіне бүйрек тостағаншаларының қабынуында, оның кеңеюінде( пиелонефрит, гидронефроз), іріңді паранефритте, жедел гломерулонефритте. Сонымен қатар перкуторлы түрде қасаға үстіндегі қуықтың толуы кезіндегі тұйықталған дыбыстарды анықтауға болады. Перкуссияны жоғарыдан төмен қарай орта сызық бойынша плессиметр саусақты қасағаға паралелльді қойып жүргізеді.


Бүйректі қағу

АУСКУЛЬТАЦИЯ
Бүйрек аймағындағы іштің аускультацисы дәрігерге маңызды ақпарат береді. Аускультация жүргізіледі: нефрологиялықаурулары бар барлық науқастарға;АҚҚ жоғары көрсеткіші бар науқастарға; науқастың қолында пультің асимметриясы анықталғанда. Бүйрек аймағындағы систолалық шулардың анықталуы бүйрек артериясының немесе аортаның зақымдалғандығын (аортоартериит, бүйрек артериясының атеросклерозында) көрсетеді.

Систолалық шу анықталған жағдайда әрі қарай ангиографиялық зерттеулер жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет