Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет295/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СҰРАСТЫРУ
Науқасты клиникалық зерттеу науқасты сұратырудан басталады. Бірінші орында науқастың шағымын сұрау.
Негізгі жиі кездесетін шағымдары болып: бел аймағндағы ауырсыну, зәр бөлінуі мен шығуының бұзылысы, ісіктер жатады.
Жалпы симптомдар
Бүйрек ауруы бар науқастарда жалпы жағдайы ұзақ уақытқа дейін қанағаттанарлық жағдайда болады. Сондықтанда белсенді және бағытталған түрде шағымдары мен анамнезін нақтылай отырып сұрастырған жөн. Жалпы және жүйелі аурулардың көбінде( подагра, жүйелі қызыл жегі, қант диабеті) бүйректің зақымдалуы басты жетекші синдром болып табылады.
Жиі кездесетін жалпы симптомдар:

  • Жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі жиі мазалайтын симптомдар. Осындай шағымдар барлық жастағы науқастарда кездеседі. Әсіресе бүйрек зақымдалуының өршуінде байқалады.

  • Жүрек айну, құсу, диарея, сонымен қатар терінің қышуы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде(уремия)- терминальді сатысында кездеседі.

  • Гомеостаз бұзылысы - мысалы бүйрек ауруы кезіндегі ісіну – зәр арқылы альбуминді көп мөлшерде жоғалтумен байланысты,темірдің зәр арқылы бөлінуі анемияға алып келеді.

  • Қызба - көптеген ауруларға тән негізгі симптомдардың бірі. Зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларына тән. Сонымен қатар қызба инфекциялық емес патологиларға да байланысты. Мысалы бүйрек зақымдалуымен жүретін жүйелі аутоиммунды аурулар ( ЖҚЖ, ревматоидты артрит)

Ісіктер
Ісіктер – бүйрек зақымдалуының бір белгісі болып табылады. Бүйректік ісіктердің пайда болуын – көп мөлшердегі альбуминуриямен байланысырады. Бүйректік ісіктері орналасу орнына байланысты көбіне таңертеңгілік, бетте анықталады. Жиі ісіктер баяу дамиды. Бірақ кейде жедел түрінде , бірнеше сағаттың ішінде дамуы мүмкін. Мысалы жедел нефритте. Анасарка кезінде - ісіктің тері асты май клетчаткаларына тарауында, қуысқа судың толуында(асцит, гидроторакс), науқаста қосымша шағымдар: ентігу, кеуде тұсындағы ауырсыну сияқты белгілер де пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет