АСПАПТЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Аспаптық және зертханалық зерттеулер бұрындары қосымша зерттеулерге жатса, қазіргі кезде нақты диагнозды қоюға мүмкіндік беретін маңызды әдіс тәсілдердің бірі.
Антропометрия
Антропометрия ( грекше anthropos-адам, metron - өлшеу) – адамның морфологиялық және функциональді ерекшеліктерін анықтауға негізделген. Негізгі әдісі адамның бойы мен салмағын өлшеу. Олармен қоса кеуде, іш, мойын, бас өлшемдерін алу. Дене салмағы арнайы медициналық таразы арқылы анықтайды. Зерттелуші таңертен аш қарында, дефекациядан кейін, қуығын босатып, жеңіл киіммен зерттеледі. Адамның бойының, дене салмағы, кеуде клеткасының айналымы белгілі бір қатынасқа тен. Ол арқылы дене қалпының пропорциональдылығы анықталады.
Мысалы ИНДИКС:
Бой –салмақ көрсеткіші келесі формула бойынша анықталады:
М×100/Р
Бұл М- дене салмағы, кг; Р- бой ұзындығы, см; қалыпты бой мен дене салмағы 37-40 индиксі аралығында болады. Аз болуы жеткіліксіздікті, көп болуы – артық болуын көрсетеді.
Бой мен кеуде айналымының пропорциональдылығы келесі формула арқылы анықталады:
Р×100/О(кеуде клеткасынығ өлшемі)
Қалыпты жағдайда 50-55 тен; өте аз болуы – тар кеудені, жоғары болуы – кен кеудені анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |