Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Қанды биохимиялық зерттеуге алу



бет51/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Қанды биохимиялық зерттеуге алу.
Мақсаты: диагностикалық.
Қолданылуы: науқасты тексеру.
Асқынуы: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирусты гепатит, АИТВ/ЖИТС.
Қан алатын орны: шынтақ иінінің, қолдың тамырлары.
Әзірле:стерильді: 10-20 мл стерильді бір реттік шприц, лоток, салфетка, мақта, резеңке қолғап, бетперде, 70% спирт, пробиркалары бар штатив; резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Таңертеңгі ас ішпеген жөнінде анықтаңыз.

  2. Зертханаға жолдама жазыңыз, пробиркаларды нөмірлеңіз.

  3. Науқасты ыңғайлы етіп орналастырыңыз.

  4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен өңдеңіз.

  5. Бетперде, қолғап, қорғаныш көзілдірік киіңіз.

  6. Бір реттік қолданатын шприцтің қаптамасын ашып құрастырыңыз, иненің қалпағын шешпей ауасын шығарыңыз, шприцті қаптаманың ішіне салыңыз.

  7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны қойыңыз.

  8. Иықтың ортаңғы бөлігіне резеңке бұрау байлаңыз.

  9. Резеңке бұраудың екі бос ұшын жоғары, түйінін төмен қаратып байлаңыз.

10.Кәрі жілік артериясынан тамыр соғуын анықтаңыз.
11.Толып тұрған тамырды табыңыз.
12.Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, соңынан жұдырығын жұмуын сұраңыз.
13. Шынтақ иінінің аймағын (бірінші мақта), содан кейін инъекция жасайтын орнын (екінші мақта) спиртке батырылған мақтамен сүртіп, КҚЖҚ-қа тастаңыз. Үшінші мақтаны сол қолдың ІV-V саусақ арасында ұстаңыз.
14. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ІІІ, ІV саусақтар цилиндердің үстінде, І саусақ-астында.
15. Иненің қалпағын шешіп, тамырға енгізіңіз.
16. Поршеньді өзіңізге қарай тартып, иненің тамырда екенін анықтаңыз.
17. Поршеньді өзіңізге қарай тарта отырып (бұл кезде науқастың жұдырығы жұмулы), шприцке 5-7 мл қан сорып алыңыз.
18. Бұрауды шешіңіз, науқастың жұдырығын ашып, тамырдан инені шығарып алыңыз.
19. Инъекция орнына спиртке малынған мақтаны қойып, науқастан 3-5 минут қолын бүгіп ұстауын сұраңыз.
20. Шприцтің инесін алып КҚЖҚ-қа салыңыз.
21. Пробирканың қабырғасымен қанды шашыратпай құйыңыз.
22. Пробирканы тығынмен жабыңыз.
23. Пробиркадағы қанды штативпен бірге контейнерге салып, қақпағын жабыңыз.
24. Науқасқа ыңғайлы етіп жатуына немесе тұруына көмектесіңіз.
25. Инъекция орнынан қан ақпай тұрғанына көз жеткізіп, науқастан мақтаны алып, КҚЖҚ-қа салыңыз.
26. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз. 27. Қолғапты шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз.
28. Қолды жуып кептіріңіз.
Ескерту!

  • биохимиялық анализге қан тамырдан таңертең аш қарынға 10 мл мөлшерінде алынады;

  • АИТВ/ЖИТС және RW анализіне қан кез келген уақытта 5 мл мөлшерінде алынады;

  • Қан жинауға арналған пробирка құрғақ, таза, бұрандалы резеңке тығыны болуы керек;

  • Қанды шприцсіз, тек инемен алуға тыйым салынады.

  • Жолдамада пробирканың нөмірі, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, жынысы, жасы, диагнозы, бөлімшесі жазылады.

  • Вакутайнер мед.қызметкерге максимальді қорғаныш туғызады, алынған материалдың сапасын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет