СТАНДАРТ Жалпы клиникалық анализге зәр жинау. Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетін, химиялық құрамын, микроскопиялық тұнуын бағалау.
Қолдануы: науқасты жалпы зерттеу.
Әзірле: таза құрғақ мойны жуан қақпағы бар шыны ыдыс (банка) – 200-250мл, зәр қабылдағыш немесе судно, дәрет алуға арналған жиынтық, жолдама жазып банкаға жабыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбике қолы).
Іс-әрекет алгоритмі Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Зәр жинау ережесі туралы мағлұмат беріңіз.
Науқасқа зәр жинауға арналған ыдысты дұрыс дайындауын үйретіңіз (амбулаторлы жағдайда).
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
Науқасқа жолдама жабыстырылған банканы беріңіз.
Таңертең науқасқа дәрет алдырыңыз (сыртқы жыныс жолдарын алдынан артқа қарай жуыңыз).
Науқас зәрдің бірінші бөлігін унитазға жіберуі керек.
Әзірленген 100-200мл ыдысқа зәрді жинап, қалған бөлігін унитазға жібереді.
Банканың қақпағын жабыңыз.
Науқасқа немесе оның туыстарына зәр жиналған ыдысты жолдамамен бірге қайда және қашан апару керектігін, кімге тапсыруын түсіндіріңіз.
Жиналған зәрді 9.00-ге шейін зертханаға жіберіңіз.