Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Нечипоренко әдісімен зәр жинау



бет53/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Нечипоренко әдісімен зәр жинау.
Мақсаты: диагностикалық: зәрдің элементтерін анықтау (эритроцит, лейкоцит, цилиндрлер).
Қолдануы: дәрігердің тағайындауы (бүйрек ауруларында).
Әзірле: таза құрғақ мойны жуан шыны ыдыс (банка) – 50-100мл, жолдама жазып банкаға жабыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбике қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зәр жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз.

  2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.

  3. Науқастың сыртқы жыныс жолдарын алдынан артқа қарай жуып, зәрдің ортаңғы бөлігін жинау керектігі туралы түсіндіру керек.

  4. Науқас зәрдің бірінші бөлігін унитазға (зәр қабылдағыш, судно) жіберіп, қалғанын ұстап қалуы керек.

  5. Әзірленген 100-200мл ыдысқа зәрдің ортаңғы порциясын 50-100мл мөлшерінде жинайды.

  6. Жолдама даярлау қажет: Ничепоренко зәр анализі, науқастың аты-жөні, жасы, бөлімше, палата нөмері, күні, қол қою керек.

  7. Жиналған зәрді зертханаға жіберіңіз.

  8. Қолғапты шешіңіз, қолды жуып кептіріңіз.

Ескерту!

  • Зерттеуді тәуліктің кез келген уақытында жинауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет