СТАНДАРТ Зимницкий әдісімен зәр жинау Мақсаты: диагностикалық: бүйректің бөлу және концентрациялық функциясын зерттеу, тәуліктік диурезді анықтау (күндізгі және түнгі).
Қолдануы: бүйрек аурулары.
Әзірле: 8 таза құрғақ мойны жуан шыны ыдыс (банка) – 500мл, әр банкаға жолдама жазып жабыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, порция №, жинаған уақыты, күні, медбике қолы).
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа зәр жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз: зерттеу алдында зәр айдайтын дәрілер берілмейді, диурездің көбейіп кетпеу мақсатында тәулігіне 1,5 литрге дейін сұйықтық ішу шектетіледі, зәр жинау кезінде тәулігіне ішкен сұйықтықтың мөлшері анықталады.
Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығын босатады.
Науқас жеке нөмірленген банкаға әр 3 сағат сайын зәрді жинайды: