ЗЕРТТЕУДІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ (ҚАН, ЗӘР, ҚАҚЫРЫҚ, ПЛЕВРА СҰЙЫҚТЫҒЫ) СТАНДАРТ Лабораториялық зерттеулерге жолдама жазу ережелері Мақсаты: жолдаманы дұрыс жазу
Көрсетпе : дәрігердің нұсқауы
Жабдықтау: 1. бланкілер, этикеткалар
Іс-әрекеті: емхананың зертханасына жазылған жолдамасында көрсетіңіз:
1. зертхананың аты (клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық және т.б.)
2. пациенттің аты-жөні
3. жасы
4. ауру тарихының нөмері
5. бөлімшенің аты, палатының нөмері (амбулаториялық зерттеуде мекен жайы)
6. материал
7 зерттеудің мақсаты
8. күні, жолдама жазған мейірбикенің қолы
Ескерту : 1. зертханаға вирусты гепатитпен сырқаттанған немесе гепатитпен
жаңасуда болған адамдардың қаны жіберілсе маркировка жасалу
тиіс.
2. дифтериямен сырқаттанған пациенттен жұтқыншақ пен мұрыннан
алынған жұғындыларға жолдама жазғанда, алынған күні және сағаты көрсетілу тиіс.
Іс-әрекеті: процедураға жолдама жазғанда көрсетіңіз:
1. пациенттің аты-жөні
2 .жасы
3. диагнозы.
4. қайда жіберілді
5. мақсаты (массаж, ЕДШ және т.б.)
6. процедураны тағайындаған дәрігердін колы.
Іс-әрекеті: аурухананың зертханасына жіберілген этикеткаға жазыңыз:
1. бөлімшенің аты немесе нөмері, палатының және ауру тарихының нөмері2. пациенттің аты-жөні және жасы
3. зерттеудің түрі
4. күні және мейірбикенін қолы
Ескерту: зертханаларға, дәрігерлердің кеңесіне және процедураларға
жазылған жолдамалар тиісті журналдарда тіркелу керек.