Температура жоғарлауының сатылары: 37 -38 ᵒC аралығында жоғарлау – субфибрильді; 38 – 39 ᵒC – шамалы жоғарлау; 39 – 40 ᵒC- жоғары; 40ᵒC жоғары – шеттен тыс жоғары; 41 – 42 ᵒC жоғары температура – гиперпиретикалық. Бұндай жоғары температура ОЖЖ ауыр бұзылысымен жүреді және өмір үшін қауіпті болып келеді.
Тәуліктік сипатына байланысты:
1.Тұрақты қызба – жоғары температура сипатталады, 7-10 күн бойы (39ᵒC-40ᵒC) таңертенге және кешкі теператураның арасы 1ᵒC аспайды. Крупозды пневмонияда кздеседі.
2.Ремиттерлеуші қызба – температураның тәуліктік өзгерісі 2-3 ᵒC дейін өзгереді, таңертенгі қалыпты температура болмайды.бұл жағдайлар өкпенің қабыну ауруларында, іріңді қабыну ауруларында кезеседі.
3.Интермиттерлеуші қызба – таңертенгі және кешкі температураның айырмашылығы 2-3 ᵒC ремиттерлеуші қызбадан айырмашылығы таңертенгі температура әрдайым 37 ᵒC төмен. Ошақты пневмонияға, өкпе туберкулезіне тән келеді.
4.Гектикалық қызба – дене температурасының тереңдігінің бұзылуы 2-4 ᵒC дейін өгереді. Бұл жағдайлар сепсисте, өкпенің ауыр жағдайдағы өкпе туберкулезінде кезінде кездеседі. Науқаста көп тер бөлу, қалтырау болады.
5.Бұрмаланған қызба – кешкі температура таңертенгі температурадан төмен. Кейде туберкулезде кездеседі,сепсисте.