Сабақ тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Балықшылар»
Дата 03.12.2016 өлшемі 8,02 Kb. #3014 түрі Сабақ
Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Балықшылар» романынан үзінді Мақсаты: білімділік-автор туралы мәлімет алады, мәтінмен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Дамытушылық- көркем сөйлеуге, ойды жүйелі жеткізуге , Салыстырып бағалау қабілеттерін дамытады. Тәрбиелік-оқуға деген қызығушылығын оятып, бір-біріне құрметпен қарауды үйренеді. Көрнекілік:слайд, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: география , биология. Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы: РАФТ, ой қозғау, бағытталған оқу, дискуссиялық карта, Венн диаграммасы. Түрі: Дәстүрлі емес. Сабақтың мазмұны: 1. Ұйымдастыру (2 минут) Сыныпты 3-топқа бөлемін (түсті қағаздар арқылы) 2. Үй жұмысын РАФТ арқылы сұраймын. (7 минут) РАФТ (үй жұмысы) Үй жұмысын бекіту. Ә. Нұрпейісов туралы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Құланды ауыл кеңесіне қарайтын Үшкөң деген жерде дүниеге келген. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.1956 жылы М.Горький атындағы әдебиет иниститутын бітіреді.1962-1964 жылдары “Жұлдыз” журналының бас редакторы қызметін атқарады. “Күткен күн” 1958ж,“Қан мен тер”, “Ымырт”1961ж, “Сергелдең” 1964ж, “Күйреу” 1970ж, “Соңғы парыз” романдары жарық көрді.
Ой қозғау (5 минут) Промсол деген не? ( балықтың түрі, балық аулайтын жер, консервілейтін жер,....) Бағыттап оқыту (15-20 минут) 1. Ел неге жиналған? Баласы қал үстінде еді. 2.Мөңкенің баласы неге тұрмады деп ойлайсыңдар? Ауру тиді, тұқымында ауруы бар болуы мүмкін, соғыс болды . 3.Мөңке әйеліне неге басу айтып отыр? Бұрынғы балалары өліп, мына баласының да соңғы демі қалғандықтан басу айтты. 4. Еламан Курнос Иванның жалтақтаған жүзін неге жақтырмады? Балықшыларды алдайтын . 5.Федоров баланы жерлеуге ұрықсат бере ме? жоқ 6.Андрейдің бейсауыт келісіне неге секемденді? Мезгілсіз уақытта келгесін 6.Қаратаз халықты Федоровқа неге айдап салды? Жағымпазданды, біреуді жек көруі мүмкін. 7 . Федоров ұрған кездегі Еламанның әрекеті? Дискуссиялық карта (5-6 минут) 1.Федоровтың балаларды аш қалдыруы дұрыс па? 2. Федоровтың баланы жерлеуге рұқсат бермеуі дұрыс па? 3. Қаратаздың елді жамандағаны дұрыс па? 4. Еламанның Федоровқа мұз үстіне шықпаймыз деп қарсылық көрсетуі дұрыс па?
Бес жолды өлең (5 минут) Бес жолды өлең (5 минут) 1. Зат есім: балықшылар 2. Сын есім: еңбекқор, адал 3. Етістік: үйеді, қабылдайды,тұздайды 4. Сөз тіркесі: балықшылар ауыр күн кешті 5. Синоним: ел Өркөкірек мейірімсіз түсі суық өзімшіл жауыз бай Жағымпаз сөз беруші айдап салушы бай Бай қарапайым адамды жек көруші сараң Достарыңызбен бөлісу: