СТАНДАРТ Ацетон және кетон бойынша зәр анализі. Мақсаты: қант диабетімен ауыратын пациенттің декомпенсая дәріжесін анықтау
Көрсетпе: дәрігердің нұсқауы
Жабдықтау: 1. тығыны бар таза, құрғақ ыдыс, сыйымдылығы 250мл
2. этикетка – жолдама
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету және өту барысын түсіндіру.
2. тәңертең пациентті оятыңыз және дәрет алуын сұраңыз.
3. пациентке таза құрғақ ыдыс беріңіз.
4. ыдысқа 50-80мл ортаңғы зәрдің бөлігін жинап беруін сұраңыз.
5. ыдысты тығынмен жауып этикетканы жапсырыңыз.
6. санитарлық бөлмесінде ыдысты арнайы жәшікке салып қойыңыз.
7. зәрді 1 сағат ішінде зертханаға жеткізу керек.
Ескерту: егер пациент ессіз болса, зәр түтік арқылы алынады.