СТАНДАРТ
Зәрдегі қантты анықтау үшін зәр жинау.
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдануы: қант диабетіне күмәнданған жағдайда, қант диабеті, инсулин мөлшерін есептеу.
Әзірле: таза құрғақ шыны банкалар – 3 л және 200-250мл; өлшемі бар ыдыс, шыны таяқша; жолдама жазып банкаға жабыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, 1 тәулікте жиналған зәрдің жалпы мөлшері, күні, медбике қолы), қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуге зәр жинау ережесі туралы мағлұмат беріңіз.
Таңертең сағат 6-да науқас қуығын унитазға босатады.
3 литрлік банкаға бір полоска қағазды жабыстырып, оған өлшемі бар ыдыспен суды құя отырып, өлшем көрсеткіштерін(100, 200, 300, 400 және т.б.)жазу керек.
Науқасқа зәр жинау тәртібімен таыстыру керек: таңертең оған дәретханаға барып, қуығын босатып, сыртқы жыныс мүшелерін шайып, сол уақыттан бастап, 1 тәулік ішінде барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкаға жинаңыз (6-дан келесі күні 6-ға дейін).
Қолғап киіңіз.
3 литрлік банкадағы тәуліктік диурезді өлшеңіз (бөлінген зәрдің жалпы мөлшері).
3 литрлік банкадағы зәрді шыны таяқшамен араластырыңыз.
Әзірленген 200 мл банкаға зәрдің 100-150 мл құйыңыз және жолдамада тәулігіне бөлінген зәрдің жалпы мөлшері зәрдегі шекер анықтау анализі, науқастың аты-жөні, жасы , бөлімше, палата нөмірі, күні, қолы қойылып, жазылады.
Жиналған зәрді жолдамамен бірге 8.30-ға шейін клиникалық зертханаға жіберіңіз.
10.Қолғапты шешіңіз, қолды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |