Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


СТАНДАРТ Зәрдегі қантты анықтау үшін зәр жинау



бет58/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

СТАНДАРТ
Зәрдегі қантты анықтау үшін зәр жинау.
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдануы: қант диабетіне күмәнданған жағдайда, қант диабеті, инсулин мөлшерін есептеу.
Әзірле: таза құрғақ шыны банкалар – 3 л және 200-250мл; өлшемі бар ыдыс, шыны таяқша; жолдама жазып банкаға жабыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, 1 тәулікте жиналған зәрдің жалпы мөлшері, күні, медбике қолы), қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеуге зәр жинау ережесі туралы мағлұмат беріңіз.

  2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығын унитазға босатады.

  3. 3 литрлік банкаға бір полоска қағазды жабыстырып, оған өлшемі бар ыдыспен суды құя отырып, өлшем көрсеткіштерін(100, 200, 300, 400 және т.б.)жазу керек.

  4. Науқасқа зәр жинау тәртібімен таыстыру керек: таңертең оған дәретханаға барып, қуығын босатып, сыртқы жыныс мүшелерін шайып, сол уақыттан бастап, 1 тәулік ішінде барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкаға жинаңыз (6-дан келесі күні 6-ға дейін).

  5. Қолғап киіңіз.

  6. 3 литрлік банкадағы тәуліктік диурезді өлшеңіз (бөлінген зәрдің жалпы мөлшері).

  7. 3 литрлік банкадағы зәрді шыны таяқшамен араластырыңыз.

  8. Әзірленген 200 мл банкаға зәрдің 100-150 мл құйыңыз және жолдамада тәулігіне бөлінген зәрдің жалпы мөлшері зәрдегі шекер анықтау анализі, науқастың аты-жөні, жасы , бөлімше, палата нөмірі, күні, қолы қойылып, жазылады.

  9. Жиналған зәрді жолдамамен бірге 8.30-ға шейін клиникалық зертханаға жіберіңіз.

10.Қолғапты шешіңіз, қолды жуып кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет