СТАНДАРТ
Диастазаға зәр жинау
Мақсаты: диастаза мөлшерін анықтау (ұйқы безінің ферменті).
Қолдануы: ұйқы безінің ауруы (панкреатит), өт жолдарының аурулары.
Әзірле: таза құрғақ мойны жуан шыны ыдыс (банка) – 100-200мл, жолдама жазып банкаға жабыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбике қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп келісімін алыңыз.
Таңертең жаңа бөлінген зәрді әзірленген 100-200мл банкаға жинаңыз.
Жиналған зәрді жылы күйінде 10 минут ішінде жеткізіңіз.
Ескерту!
қалыпты зәрде - диастаза 16-64 бірлік.
диастаза мөлшерінің көбеюі ұйқы безінің патологиясын және өт жолдарының ауруларын көрсетеді.
бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |