СТАНДАРТ Аддис-Каковский бойынша зәрдің анализі. Мақсаты: зәрдегі формалы элементтердің мөлшерін анықтау (лейкоциттер, эритроциттер цилиндрлер).
Көрсетпе:дәрігердің нұсқауы
Жабдықтау: 1. қақпағы бар таза, құрғақ 0,5 – 1 литрлік шыны ыдыс
2. этикетка – жолдама
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету және өту барысын түсіндіру.
2. кешке сағат 22:00 –де дәретке барып және түні бойы дәретханаға бармауға тырысыңыз деп пациентке ескерту керек.
3. сағат 6-да қайнаған су, фурациллин немесе марганцовканың әлсіз ерітіндісімен дәрет алуын сұраңыз.
4. содан кейін барлық зәрді осы ыдысқа мұқият жинаңыз деп пациентке айту керек.
5. зәр жинаған ыдысқа этикетканы жапсырыңыз.
6. санитарлық бөлмесінде ыдысты арнайы жәшікке салып қойыңыз.
7. зәрді 1 сағат ішінде зертханаға жеткізу керек.
Ескерту: Назар аударыңыз! Егер емделуші түнде дәрет сындырса, ұзақ тұрған зәрдегі формалық элементтерді бұзылуын алдын-алу үшін ыдысқа күні бұрын консервант қосады:
- формальдегидтің бірнеше тамшысын немесе 2-3 тимол кристалдарын
немесе 0,5-1 мл хлорформ 100мл зәр мөлшеріне қосады.