СТАНДАРТ
Зәрдегі қантты тест-сызықшамен анықтау
Мақсаты: зәрдегі қанттың құрамын анықтау.
Қолдануы: қант диабеті
Әзірле: зәр, тест-сызықша.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қаптамадағы сызықшаны алып, қаптаманың қақпағын жабыңыз.
Резеңке қолғап киіңіз.
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған сызықшаны батырып алыңыз.
Ыдыстың шетіне сызықшаның ұшын тигізіп артық сұйықтықты төгіңіз.
Қаптамадағы шкаланың түсі мен тест аймағының түсін салыстырыңыз.
Қолғапты шешіңіз, қолды жуып кептіріңіз.
Ескерту!
Қалыпты нәтиже – реакция теріс мәнді, зәрдегі қанттың көрсеткіші төмен, оң нәтижеде – қант анықталады (глюкозурия).
Достарыңызбен бөлісу: |