Интерфейс — мәліметтер жеткізу үшін қолданылатын әдіс (IDE немесе ATA, Serial ATA, SCSI ...).
Сыйымдылық (ағылш. capacity) — қатқыл диск сақтай алатын ақпарат көлемі. Қазіргі құрылғылардың сыйымдылығы 1000 Гб-қа дейін жетеді.
Физикалық өлшемі (форм-фактор) — қазіргі дербес компьютерлер мен серверлерге қажетті ақпарат жинақтауыштардың өлшемі 3,5 дюймге немесе 2,5 дюймге тең. 2,5 дюймдік винчестерлер ноутбктерде жиі қолданылады.
Ерікті қатынасу уақыты.
Шпиндельдің айналу жылдамдығы.
Сенімділік.
Шу деңгейі... және басқалар.
Видеоадаптер
Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.
Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін.
Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады.
Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді.
Видеокартаның қосқышы жүйелік блоктың артқы тақтасына шығып тұрады. Осы қосқышқа монитор жалғанады.