графикалық процессор (Graphic Processor Unit - графикалық процессор құрылғысы) — мониторда бейнеленетін кекіндерді шығаруға қажетті есептеулерді орындай отырып орталық процессорды артық салмақтан арылтады. Үшөлшемді графиканың командаларын өңдеуге қажетті есептеулерді орындайды. Графикалық тақшаның негізі болып табылады,өйткені құрылғының жылдам әрекеттілігі мен мүмкіндіктері тікелей осыған байланысты. Қазіргі графикалық процессорлар орталық процессор секілді өте күрделі құрылғы, өйткені графикалық процессордағы транзисторлардың саны орталық процессордағыдан асып түседі.
видеоконтроллер — видеожадта кескіндердің қалыптасуын қамтамасыз етеді және ЦАТ-тан келіп түскен сұраныстарды өңдеу қызметін атқарады.
видеожад — графикалық процессордың өңдеуімен монитор экранына шығатын кескінді сақтауға қажетті кадрлық буфердің міндетін орындайды. Видеожадта сонымен қатар экранда кей мезгілде көрінбейтін элементтер мен басқа да деректер сақтаулы тұрады.
видео-ТЖҚ (Video ROM) — ішінде экрандық шрифтілер, қызметші кестелер, BIOS-видео және т.б. жазулы тұратын тұрақты жадтау құрылғысы. ТЖҚ тікелей видеоконтроллермен емес, орталық процессормен байланысып тұрады. ТЖҚ-да сақтаулы тұрған BIOS-видео негізгі операциялық жүйе жүктелгенге дейін видеокартаның іске қосылып, жұмысқа кірісуін қамтамасыз етеді. BIOS-видео-да сонымен қатар видеодрайвердің жұмыс кезінде пайдаланатын жүйелік деректері сақтаулы тұрады.
салқындату жүйесі — видеопроцессор мен видеожадтың температуралық режимін қалыпты деңгейде сақтап тұру үшін қолданылады.