DVD (ағылш. Digital Versatile Disc – көпмақсатты сандық диск немесе Digital Video Disk – сандық видеодиск) – сыртқы түрі компакт-дискіге ұқсағанымен, одан да көп мөлшерде мәліметті сақтауға мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушы. DVD-дің қарапайым компакт-дискіден айырмашылығы ондағы мәліметті оқып-жазу үшін қысқа толқынды лазер қолданылады.
Бірқабатты біржақты DVD-дің ақпарат сыйымдылығы 4,7 ГБайт. DVD бір немесе екі жақтан немесе екі жақ бетінде де орналасатын екі қабаттан тұруы мүмкін.
Алғашқы осындай дискілер мен ойнатқыштар 1996 жылдың қараша айында Жапонияда, 1997 жылдың наурыз айында АҚШ-та пайда болды.