Вазопрессин (антидиуретикалық) гормоны супраоптикалық ядро нейроциттерінде түзіледі. Ол қан тамырларының арнасын тарыл- тып, қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондары қабырға- лары арқылы алғашқы несеп қүрамындағы судың кері сорылуына ықпалын тигізіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады, организмдегі судың алмасуын реттейді.
Окситоцин жатырдың етті қабығының (миометрийдің) жиы- рылуына және желіннен сүттің бөлінуіне әсер етеді. Бүл гормон төлдің тууы кезінде жатыр қабырғасының ырғақты да қатты жиырылуын қамтамасыз етеді.
Окситоцин мен вазопрессин гормондарының қызметі парасим- патикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни бүлар мүшелердің бірыңғай салалы ет үлпасы қабықтарьіна әсер етеді. Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары нейроциттерін холинергиялық нейроциттерге жатқызады. Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофизіне өтіп, қан капил- лярлары қабырғасымен жанаса орналасқан үсақ соңғы денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мелшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді.
+Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядролары, қызметі симпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсак мультиполярлы нейроциттерден қүралған. Сондықтан, бүл ядро- ларды адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейро- циттер гипофиздің безді бөлігі аденогипофиздің гормондар түзу
процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. Бұлар өз кезегінде алено- гипофиздің гормондар бөлу қызметін күшейтетін либеривдерге және керісінше, аталған қызметті баяулататын статиндерге бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, аце- тилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.