Ішкі секреция бездерін зерттеу



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі480,92 Kb.
#95787
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
СӨЖ

Кальцитониноциттер (К - торшалар) фолликулдар қабырғасында тироциттер араларында немесе фолликулдардың аралықтарында орналасады. Олар тироциттерге қарағанда ақшьш боялады. Азотты қышқыл күміспен өңдегенде, керісінше, күңгірт тартады. К — торшалар күрамында йод болмайтын, қандағы кальцийдің сүйекке өтуіне әсер етіп, оның қандағы деңгейін төмендететін кальцитонин гормонын бөледі. Екінші гормоны соматостатин дене өсуінің тұрақтылығын реттейді. К торшаларға гипофиз гормоны әсер етпейді.

  • Кальцитониноциттер (К - торшалар) фолликулдар қабырғасында тироциттер араларында немесе фолликулдардың аралықтарында орналасады. Олар тироциттерге қарағанда ақшьш боялады. Азотты қышқыл күміспен өңдегенде, керісінше, күңгірт тартады. К — торшалар күрамында йод болмайтын, қандағы кальцийдің сүйекке өтуіне әсер етіп, оның қандағы деңгейін төмендететін кальцитонин гормонын бөледі. Екінші гормоны соматостатин дене өсуінің тұрақтылығын реттейді. К торшаларға гипофиз гормоны әсер етпейді.
  • Ерекшеліктері. Жылқыда без бөліктерінің беті тегіс, үзындығы 4 см. салмағы 20-25 г, без мойыншығы нашар жетілген.
  • Сиырда бездің сыртқы беті бүдырлы келеді, үзындығы 7 см, салмағы 30-40 г, жіңішке без мойыншығы болады.
  • Қой мен ешкіде бездің үзындығы 3-4 см, салмағы 6-7 г, без мойыншығы жетілмеген.
  • Итте бездің үзындығы 2-5 см, салмағы 1-25 г, без мойыншығы нашар жетілген.
  • Орналасу орындарына байланысты ішкі және сыртқы қалқан- шамаңы бездері болады. Сыртқы қалқаншамаңы безі қалқанша бездің сыртқы алдыңғы жағында, ұйқы артериясының екіге ажы- райтын тұсында орналасады. Ол үшінші желбезек қалташасы энто- дермасынан дамиды. Ішкі қалқаншамаңы безі қалқанша бездің ішінде жатады. Ол төртінші желбезек қалташасы энтодермасынан жетіледі. Без стромасы мезенхимадан дамиды.
  • +Қалқаншамаңы безінің стромасын, оның сыртындағы дөнекер ұлпалық қапшығы мен паренхима ішіне қарай таралған дәнекер үлпалық аралықтар түзеді. Ал без паренхимасын пішіні әр түрлі торшалар бағандары тармақтарын күрайтын эпителий торшалары — паратироциттер жасайды. Паратироциттер бағандары тармақгарының араларында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер таралатын тым жүқа дәнекер үлпалық аралықтар жатады. Торшалар баған- дарында паратироциттердің екі түрі ажыратылады. Олар: базофилді (негізгі) және ацидофилді паратироциттер. Цитоплазма дәншелері (мөлшері 150-200 нм) көкшіл түске боялған негізгі паратироциттерде белок синтезіне кдтысатын барлық органеллалар (гранулалы эндо- плазмалық тор, полисома, Гольдж кешені) жақсы жетілген. Базофилді паратироциттер кальцийдің сүйектен қанға өтуін қамтамасыз ететін паратирин гормонын (паратгормонды) бөледі. Бүл гормон каль- цитонин гормонының антогонисті, яғни аталған бүл екі гормон организмдегі кальций алмасуын реттейді. Адидофилді паратироциттер ескіріп, қызметін тоқтата бастаған торшалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет