Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы



бет1/12
Дата20.06.2018
өлшемі1,7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11369 тіркелді.
      "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі


Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 16 мамыр



 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 556 бұйрығына 1-қосымша

"Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiктiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күн;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қажетті жағдайда басып шығарылады.

      Анықтаманың түпнұсқасын тексеру және оны басып шығару www.egov.kz порталда мүмкін.

      Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органынның қолымен куәләндырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға)көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі;

      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      кәсіби дипломының көшірмесі;

      кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысанды медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6697 болып тіркелді).

      кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) порталға:

      кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      кәсіби дипломының электрондық көшірмесі;

      кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысының электрондық көшірмесі (086/е нысанды медициналық анықтама).

      кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Көрсетілетін құжатты берушінің кеңсесінде дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке куәлікті (не оның өкілі нотариат куәландырған сенімхат ұсынған кезде) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді, ал порталға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" аттестаттан өту орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетің атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы ұсынылған құжаттардың толық болмау жағдайы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электронды түрдегі нысанда өтінішті одан әрі қарастырудан уәждемелі бас тартуды жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша


орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почта мекенжайы: mid@mid.gov.kz, (8-7172) 75-44-44 телефоны арқылы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына (www.mid.gov.kz мекенжайы бойынша министрліктің интернет-ресурсының "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы" бетіне) беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымдар портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле


отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушілердің үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда алуы мүмкін.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

 

"Кемелердің командалық құрамының
адамдарын аттестаттау" стандартына
1-қосымша

      Нысан

      Кемелердің командалық құрамының

      адамдарына диплом беру және оларды

      аттестаттау жөніндегі комиссияның

      төрағасына________________________

      облысы (қаласы)

      __________________________________

      __________________________________

      (Т.А.Ә.А, ЖСН)

Өтініш


      Сізден мені [Лауазым] [Топтар] лауазымына кемелердің командалық

      құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізуге жіберуіңізді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. __________________________________________________________;

      2. __________________________________________________________;

      3. __________________________________________________________;

      4. ...

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ж. "____" __________ ________________________

      (өтініш берушінің қолы)
"Кемелердің командалық құрамының
адамдарын аттестаттау" стандартына
2-қосымшаn Нысан


      Кемелердің командалық құрамының

      адамдарына диплом беру және оларды

      аттестаттау жөніндегі комиссияның

      төрағасына________________________

      облысы (қаласы)

      __________________________________

      __________________________________

      (Т.А.Ә.А, ЖСН)

Өтініш


      Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Анықтаманың нөмірі]

      [Анықтама берілген күн] кемелердің командалық құрамы адамдарына

      аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасын мынаған

      байланысты беруіңізді

      сұраймын:____________________________________________________________

      (себебін көрсету)

      _______________________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:

      1. ___________________________________________________________;

      2. ...

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,

      мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ж. "____" __________ ________________________


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет