Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы



бет5/12
Дата20.06.2018
өлшемі127,29 Kb.
#43353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен орнын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналарды құрайды:

      1) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін:

      жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      заңды тұлғалардан – 5 АЕК;

      2) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК.

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының бірі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеуден босатылады.

      Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. ХҚО-ның жұмыс кестесi:

      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

      Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес кепiл берушiнiң өтініші;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы шартта көрсетілген құжаттармен қоса кеменiң ипотекасы туралы шарт;

      кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес кепіл берушiнiң өтініші;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      2) порталға:

      кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      осы шартта көрсетілген құжаттармен қоса кеменiң ипотекасы туралы шарттың электронды көшірмесі;

      ЭУТШ арқылы төлемді қоспағанда, кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаттың электронды құжат көшірмесі;

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушы кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төлегенін (алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілген қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану; шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      ХҚО қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағы мен 14-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша жіберіледі.

      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).

      Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      1) Жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы


көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

      3) порталда.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электронды нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

 

"Кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу және кеме ипотекасының
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттың телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар

      және даму министрлігі Көлі комитетінің

      _________________ облысы (қаласы)

      бойынша аумақтық органының басшысы

      ________________________________

      (Т.А.Ә.А)

      ________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы,

      жеке тұлғаның бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі немесе Т.А.Ә.А. мен ЖСН, тел.)

Өтініш


      Сізден ________________________________________________________

      тиесілі кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті/кеменің

      ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын (керек

      емесін сызып тастау) беруді сұраймын.

      Кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, тіркеу нөмірі,

      тіркеу орны, тіркелу нөмірі, кеменің үлгісі мен класы, тоннажы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ипотеканың кепіл берушісінің аты мен мекенжайы_________________

      __________________________________________________________________

      Ипотеканың кепіл ұстаушысының аты мен мекенжайын немесе оның

      ұсынушыға белгiленгенi туралы мәліметтер ____________________________

      _____________________________________________________________________

      Екі немесе одан да көп кемеге ипотека белгілеген кезде

      ипотекамен қамтамасыз етілген мiндеттемелердiң ең жоғары мөлшері;

      тараптардың бұл туралы келiсiмi болған кезде, міндеттемемен жеке-жеке

      әрбір кеме қамтамасыз етілетін мөлшер _______________________________

      _____________________________________________________________________

      Кеме ипотекасының аяқталу күні ________________________________

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,

      мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________ _______________ ______________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә.А.

      М.О.

      20__ жылғы "____" __________

 

"Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу
және кеме ипотекасының мемлекеттік
тіркелгенін растайтын құжаттың
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      болса әкесінің аты не ұйымының атауы)

      _____________________________________

      (көрсетілетін қызметті

      алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат



      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) "Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3)....

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.______________

      Телефон_______________

      Алды: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы "__" _________


 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 556 бұйрығына
6-қосымша

"Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет