Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекті күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбіден сенбі күнін қоса түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электронды кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша оның өкілі жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдану растамасы (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген, мерзімі және берілген шағымға жауаптың алынған орнының көрсетілуі болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымды қабылдаудың растамасы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратты көре алады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңсеге қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары
12. Өмір сүру әрекетін шектейтін ағза (функцияларының) тұрақты бұзылуы мен денсаулығында ақау бар көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.mid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, Көлік комитеті бөліміндегі "Мемлекеттік қызметтер" бөлігінде);
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777.
|
"Кеменің, шағын көлемді
кеменің немесе салынып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу туралы ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
|
|
нысан
|
_____________________________________
_____________________________басшысы
(Т.А.Ә.)
кімнен_______________________________
_____________________________________
(өтініш берушінің толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның
Т.А.Ә және ЖСН, мекенжайы, деректемелері
телефоны)
Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беруге өтініш
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді
қолдануға келісемін. 20__ж. "__"________________________ (қолы).
(Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
________________________________________________________________________________
(қолы, мөрі (бар болған жағдайда) және күні)
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
7-қосымша
|
"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні;
өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;
бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлігі, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорациямен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру қызмет алушының қалауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезек броньдалуы мүмкін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген), Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*.
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталға:
4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқалардағы көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттардың төлнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттардың төлнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынуын тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі - емтихан) жібереді. Көрсетілген қызметті алушыны емтихан тапсыруға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияға өтінішін қабылдаған сәттен бастап бір сағатты құрайды.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Хабарлама жіберудің мерзімі порталда өтінішті қабылдаған сәттен бастап 1 сағатты құрайды. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген күннен бастап мынадай жұмыс күні өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |