Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы


мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті



бет2/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,26 Mb.
#39295
1   2   3   4   5   6   7   8

мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану, шағым мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғаның растау нөмірі, күні,оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп туру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.


      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің интернет-ресурсында – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде);
      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) порталда орналастырылған.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Кемелердің командалық құрамының 


адамдарына диплом беру» стандартына
1-қосымша             

Нысан


Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру және оларды
аттестаттау жөніндегі комиссияның
төрағасына ______________________
              облысы (қаласы)  
_________________________________
_________________________________
(Т.А.Ә.А, ЖСН)        

Өтініш

      Сізден мені [Лауазымы] [Тобы] мамандығы бойынша кемелердің


командалық құрамының адамдарына диплом беруді өткізуге жіберуді
сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:


      1. __________________________________________________________;
      2. __________________________________________________________;
      3. __________________________________________________________;
      4. __________________________________________________________;
      5. __________________________________________________________;
      6. ...

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,


мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ж. «____» __________            ________________________


                                            (өтініш берушінің қолы)

«Кемелердің командалық құрамының 


адамдарына диплом беру» стандартына
2-қосымша            

Нысан


Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру және оларды
аттестаттау жөніндегі комиссияның
төрағасына _______________________
               облысы (қаласы)   
__________________________________
__________________________________
          (Т.А.Ә.А, ЖСН)        
 
 

Өтініш

      Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Дипломның нөмірі]


[Дипломның берілген күні] дипломның телнұсқасын мынаған байланысты
беруіңізді сұраймын:_________________________________________________
                                 (себебін көрсету)
_____________________________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:


      1. __________________________________________________________;
      2. __________________________________________________________;
      3. ...

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,


мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ж. «____» __________          ________________________


                                         (өтініш берушінің қолы)

«Кемелердің командалық құрамының


адамдарына диплом беру»   
мемлекеттiк көрсетілетін   
қызмет стандартына       
3-қосымша            

Нысан               

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не ұйымының
атауы)               
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті       
алушының мекенжайы)        

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:


      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3) …
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_______________________________________


Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)         (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә.______________


Телефон:__________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы«__» _________

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің          
2015 жылғы № 556 бұйрығына  
3-қосымша            

«Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік


көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
      2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
      мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша) жылдамдатылған қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияға:
      кеменің атауын және кемені тіркеу портын көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      кеме құжаты (кемеге меншік құқығын растау үшін талап етіледі);
      ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің көшірмесі.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы кеме атауы мен кеменің тіркеу порты көрсетілген өтініш;
      кеме куәлігінің электрондық көшірмесі;
      ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органмен бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электронды көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірме жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызмет алушы келісім береді.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не оның өкілі нотариат куәландырған сенімхат ұсынған кезде) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.
      Портал арқылы жүгінген кезіңде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану, шағым мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғаның растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты  Бірыңғай байланыс орталығы 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде


Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін өзі қарап күту, өздігінен жүріп күту, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.


      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде);
      3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
      4) порталда орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Кеме экипажының ең аз құрамы


туралы куәлік беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Нысан              

________________________________
______________________ басшысына
(УО қазақша атауы)           

Өтініш

Нөмір:___________ (Өтініш нөмірі)

      Сізден _________(Кеме атауы) кеме экипажының ең аз құрамы


туралы куәлікті беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді сұраймын,
кеме тіркелген орын:______________ (Порттың атауы) __________________
(Порттың мекен-жайы) ________________________________________________

      20__ жылғы «__» _________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін
      20__ жылғы «__» _________ (қолы)

«Кеме экипажының ең аз құрамы


туралы куәлік беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

нысан              

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не алушы 
ұйымының атауы)        
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті      
алушының мекенжайы)       

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________


      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә.
      Телефон:
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
4-қосымша              

«Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу
және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік
тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет