Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы


мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті



бет5/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,26 Mb.
#39295
1   2   3   4   5   6   7   8

мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.



      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының басшысының атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағым қабылданғанын растау болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе жергілікті атқарушы органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі.
      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде


электрондық түрде және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.


      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында орналастырылған.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді


кемелерді жүргізу құқығына  
куәліктер беру» мемлекеттік  
қызмет стандартына      
1-қосымша           

Фотосуретке арналған орын

Жергілікті атқарушы органының
      басшысына         
________________________________
           (Т.А.Ә.)         
________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)  

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу
құқығына куәлікті беруге арналған өтініш

      Маған_______________________________________________ауданында


(жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК, ТЖ және ІСЖ
көрсету керек)
_____________________________________________________________________
  (шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді
       қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)
басқару құқығына куәлік беруіңізді сұраймын.
      Жүзу (білемін/білмеймін) ______________________________________
      Мынадай құжаттарды ұсынамын:
      1. ____________________________________
      2. ____________________________________
      3. ____________________________________
      4. ____________________________________.

      Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) _______________________


      ______________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын


мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 ____ ж. « ____ » ___________  _____________________________


                                          (өтінім берушінің қолы)

Емтихан нәтижелері 

Пәндердің және жүзу аудандарының атауы

Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ)

Емтиханды қабылдау күні

Ескертпе

1

2

3

4

ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары













ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары













ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары













ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары













____________________________________________________________________
       (кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
Басқару құқығына емтихан нәтижесі (сынақтан өтті / сынақтан өткен жоқ)
____________________________________________________________________
                    (кеме-(лер) санаты (үлгісі))
Жүзу ауданында (аудандарында) ______________________________________

20____ ж. «____» _____________

М.О.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді


кемелерді жүргізу құқығына  
куәліктер беру» мемлекеттік  
қызмет стандартына      
2-қосымша           

Жергілікті атқарушы органының


      басшысына         
________________________________
           (Т.А.Ә.)         
________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)  

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш

      Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын


беруіңізді сұраймын.
      20__ жылғы «__» ________ шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәлік мынадай мән-жайларда жоғалған: _______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1. ____________________________;
2. ____________________________;
3. ...
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20 ____ жылғы «___» __________     __________________________________


                                     (өтініш берушінің жеке қолы)

«Өздігінен жүретін шағын көлемді 


кемелердi жүргізу құқығына куәліктер
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша             

Нысан                

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті      
алушының мекенжайы)        

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердi жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:


      Жоқ құжаттардың атауы:
      1. _______________________________;
      2. _______________________________;
      3....
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________


      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә.


      Телефон.
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы

      20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің 
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
8-қосымша              

«Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік


тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акцияонерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      кеме билетiн беру - 7 жұмыс күні;
      кеме билетiнің телнұсқасын беру - 7 жұмыс күні;
      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде - 5 жұмыс күні.
      Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі:
      1) шағын көлемді кемені тіркеу (қайта тіркеу) кезінде - қағаз түрінде кеме билетi;
      2) шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беруге өтінішті беру кезінде - қағаз түрінде кеме билетiнің телнұсқасы;
      3) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде - «Жойылды» деген мөртаңба қойылған қағаз түріндегі кеме билетi.
      Порталға сұрау салынған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығаруды қоспағанда, ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналарды:
      1) мемлекеттік тіркеу үшін:
      қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 3 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
      қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 2 АЕК;
      өздігінен жүзбейтін шағын көлемдi кемелер – 1,5 АЕК;
      2) қайта тіркеу үшін:
      қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 1,5 АЕК;
      қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 1 АЕК;
      өздігінен жүрмейтін шағын көлемдi кемелер – 0,75 АЕК;
      3) мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін:
      қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 0,75 АЕК;
      қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 0,5 АЕК;
      өздігінен жүзбейтін шағын көлемдi кемелер – 0,38 АЕК құрайды.
      Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы алу үшін электрондық өтініш берген кезде ақы төлеуді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.
      8. Жұмыс кестесi:
      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
      Қабылдау және нәтижелерді беру қызмет алушының тіркелген орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезек броньдалуы мүмкін;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      Мемлекеттік корпорацияға:
      1) шағын көлемді кемені тіркеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      сататын ұйымның анықтама-есебі немесе сататын ұйымның тауар чегі, не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шарты, не мұрагерлікке құқық туралы куәлік, не «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес өзге де құжаттар (бұдан әрі кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжат);
      кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжат;
      егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжат;
      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      2) шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      кеме билеті;
      оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаты;
      шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
      3) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      4) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      кеме билеті;
      порталға:
      5) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);
      кеме билетінің немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжаттың электрондық көшірмесі;
      егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
      алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);
      6) шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      кеме билетінің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);
      оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
      7) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);
      8) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      кеме билетінің (портал арқылы сұрау салумен бір уақытта Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады).
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушы шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төлегенін (алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) куәландыратын құжаттың мәліметін ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызмет алушының жазбаша келісімін алады.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру осы тармақта көрсетілген жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, мемлекеттік корпорация сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.
      Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады, егер ұсынылатын құжаттар шет тілінде толтырылса, оларға нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет